Ертіс өзенінің жайылмасындағы ормандар арасында тырналар жұбы бейнежазбаға түсіп қалды. Видеодан тырналар өздерін қауіпсіз сезініп, секеңдеп билеп жүргенін көруге болады.
— Орманшыларымыздың айтуынша, бұл құстар былтыр да дәл осы жерді мекендеп, жазды өткізген. Кейін жылы жаққа ұшып кетіпті. Күн жылынған соң оралып отырғаны осы. Ертіс өзені жайылмасында соңғы жылдары аң-құстардың белгілі бір аумақты мекендеп, сол жерге ұя салатындары байқалып жүр. Бұл — жайылма мен Ертіс өзені қаумалының қауіпсіз әрі жайлы бола түскенін білдіреді, — дейді Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов.
Бұған дейін Ертіс орманына түлкілер қайта оралып жатқанын жазғанбыз.