Ертуған Зейнуллинов бокстан Астанадағы Әлем кубогының 1/4 финалына шықты

Фото: Қазақстан ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM - Ертуған Зейнуллинов (65 келі) бокстан Астанадағы Әлем кубогы кезеңінің 1/4 финалына шықты. 

Отандасымыз 1/8 финалда түркиялық Ахмет Пекельмен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Ертуған Зейнуллинов айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Қазірге дейін ел құрамасынан бүгін, 2 шілдеде Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Абикеева (65 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ал Гүлсая Ержан (80 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Енді ел құрамасынан Сағындық Тоғамбай ( 90 келі) сайысқа түседі.

Әлем кубогына 30 елден 300-ге жуық боксшы қатысып жатыр. Бұл Олимпиадалық WORLD BOXING ұйымының Қазақстандағы алғашқы жарысы болып отыр.

Әлем кубогы жыл бойына бірнеше кезеңмен өткізіледі. Рейтингілік сайыста әр салмақ дәрежесінде жеңімпазға 300, екінші орынға 200, қос қола жүлдегерге 150 ұпайдан беріледі.