«Жеке тұлғалардың банкроттығын бойынша алға жылжу бар ма? Қазақстандықтар қаншалықты қызығушылық танытып жатыр?», - деп сұрады журналист.
Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, қазір министрлік мамандары банкорттықтың салдарынан туындайтын шектеулерді түсіндіруге көп көңіл бөліп жатыр.
«Қозғалыс бар. Күн сайын түрлі алаңдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Арнайы медиа-жоспарымыз бар. Банкроттық деген игілік емес. Бұл – кезінде қабылданған шешімдердің салдары ғана. Қазір біз төлем қабілетін жақсартуға барған дұрыс екенін, банкроттықа жеткізбеу қажеттігін түсіндіріп жатырмыз. Дегенмен әркімнің басында түрлі жағдай болады. Сондықтан бүкіл жолдарды қарадық. Соттан тыс, сот арқылы банкроттық рәсімдеу, төлем қабілетін арттыру жолдары бар», - деді министр.