Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жалғыз акционердің 13 наурыздағы шешімімен компанияның директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілгенін KASE-ге хабарлаған.
Кеңестен шығарылғандар: Жамаубаев Е.К., Жақсылықов Т.М., Аушарипов Е.С.
Сайланғандар: Байбазаров Н.С., Қарағойшин Р.Т.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесі бес адамнан тұрады:
Байбазаров Н.С., Бахмутова Е.Л., Баталов Р.А., Қарағойшин Р.Т., Бөрібаева Г.А.