«Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды», - делінген Ақорданың ресми сайтында.
Бұған дейін, Елбасының Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымына тиісті өзгеріс енгізіле отырып, Талдау және болжамдау орталығы құрылғанын хабарлаған болатынбыз.