Ол 1985 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Инновациялық Еуразия университетін бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы Павлодар аудандық Қазынашылық бөлімінде бастады, жеке құрылымдарда жұмыс істеді.
2009-2013 жылдары — Павлодар облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетика бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.
2013-2014 жылдары — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі басқармасының бас сарапшысы.
2014-2015 жылдары — Энергетика министрлігінің басқарма басшысы.
2015-2018 жылдары — Энергетика министрлігінің Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша аумақтық департаменттерінің басшысы.
2018 жылдан 2020 жылға дейін Энергетика министрлігі комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
2020-2021 жылдары — Павлодар облысы энергетика және ТКШ басқармасының басшысы.
2021-2022 жылдары — «Самұрық – Энерго» басқарма төрағасы аппаратының басшысы.
2022-2023 жылдары — Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС бас директоры.
2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін қалалық әкімдіктің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды.