Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» байқауына қатысады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас әнші Ержан Максим «Junior Eurovision 2019» халықаралық ән байқауына қатысады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық баду министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қымбаттыдостар! Қазақ баласы «Junior Eurovision 2019» халықаралық ән байқауынақатысатын болды. Дүниежүзі назар аударатын ән додасы 2019 жылдың 24 қарашасындаПольшаның Гливице қаласында өтеді.
«Хабар» Агенттігінің Еуропалық хабар тарату Одағындағы мүшелігініңнәтижесінде Қазақстан өкілінің осы байқауға қатысу туралы берген өтінішіқабылданғанын айта кету керек. Биылғы байқауда біздің елдің намысын дарындыбаламыз Ержан Максим қорғайды», - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
Қазақстан балалардың Eurovision байқауына осымен екінші рет қатысқалы отыр.Өткен жылы Минск қаласында өткен байқауда Данэлия Төлешова өнер көрсеткен еді.

Айтакетейік, дарынды әнші Ержан Максим Ресейдің «Бірінші» арнасындағы «Голос. Дети» байқауынақатысқаннан кейін, оның Қазақстанда және өзге елдерде танымалдылығы артты. Суперфиналнәтижесі бойынша ол екінші орын алғанболатын. Бірақ кейін дауыс беру қорытындысына байланысты дау туындады. Телеарнабасшылығы байқаудың алтыншы маусым нәтижесін қайта қарап, оны жоққа шығарды. Сөйтіпконкурстың арнайы шығарылымын өткізу жөнінде шешім қабылданып, Е.Максим оның жеңімпазыболып танылды.

Алмаусым айының соңында жас әнші Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы жекеконцертін берді.

Соңғы жаңалықтар