Ержан Максим мен Қайрат Нұртас елордалықтарға тегін концерт береді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 тамыз күні ЭКСПО көрмесінің жазғы сахнасында қазақстандық танымал әншілердің концерті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жастар жылына орайластырылған концертте ҚайратНұртас, «Голос.Дети» жобасының финалисі Ержан Максим және Mad Men бойз-бендіөнер көрсетеді.

«Бұл концерт елорда тұрғындары мен қонақтарыүшін керемет сый болмақ. Үш сағаттың көлемінде әртістер жанкүйерлерін хитболған және жаңа әндерімен, әсерлі билерімен қуантатын болады», - деді «АстанаЭКСПО-2017 ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, мұндай концерттер ЭКСПОаумағында 24 тамызға дейін әр сенбі сайын өтетін болады. Сахнада Ерке Есмахан,Нұржан Керменбаев, M’Dee, Say Mo, Dequine және тағы басқа әншілер мен топтардың өнерінтамашалауға болады.