«Биыл Америкадағы «The World's Best» байқауына бізден екі әнші қатысты. Атап айтқанда, таланттар шоуында Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова өнер көрсетті. Алдағы жылы министрлік АҚШ-тағы байқауға Ержанды ұсынуды жоспарлып отыр», - деді Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 28 маусымда «Қазақстан» орталық концерт залында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жас дарын Ержан Максимнің жеке концерті өтеді.