Ержан Сәденов бұрынғы бастығының тергелуіне қатысты пікір білдірді
12:07, 20 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тергелуіне қатысты пікір білдірді.
«Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаевты тергеп жатқан жоқ. Сондықтан қандай іспен, қандай баппен ұсталғанына пікір білдіре алмаймын. Бұл жерде құзіретті органдар іс қозғады, тексеріп жатыр», - деді Ержан Сәденов Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай.