Онда «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша Әлихан Бақтыбаев пен Константин Кравченко, «Қаржы» мамандығы бойынша Ернар Жекпелдинов пен Ирина Михальченко. Мүгедектігі бар жастар арасында Қызылорда медициналық колледжінен «Фельшерлік іс» мамандығы бойынша Гүлмира Сәдібекова, ал балалар үйлері түлектерінен Тұрсынай Әубәкірова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен «Шығыстану» мамандығы бойынша білім грантының жеңімпаздары атанды.
Ержан Тәтішев қоры 5 жылда білім беру бағдарламасы бойынша 63 білім грантын бөлген болатын. Оның 27-сі аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан, 25-і мүмкіндігі шектеулі жастарға, ал 11-і балалар үйлерінің түлектеріне берілді. Қазіргі таңда бұл қоғамдық қордың грантымен 32 стипендиат оқып жатыр.