Ержан Залилов кәсіпқой бокста тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ержан Залилов тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол кезекті айқасын Мәскеуде «Арбат» аренасында өзбек боксшысы Хумоян Рустамовқа қарсы өткізді. Нәтижесінде отандасымыз төрешілердің шешімімен кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Екінші жеңіл салмақта (55,2 келі - 122 фунт) өткен кездесу 6 раундтан тұрды.

Ержан Залилов осыған дейін 8 жекпе-жек өткізіп, оның 2-еуін мезгілінен бұрын аяқтаған, бір айқасында қарсыласымен тең нәтиже көрсеткен. Ал өзбек боксшысы Хумоюн Рустамов кәсіби мансабында екінші рет жеңіліске ұшырады.