Ержан Залилов Латвиядағы бокс кешінде қарсыласын нокаутқа жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері, 24 жастағы Ержан Залилов Ригада өткен бокс кешінде грузиялық Джаба Мемишишиді техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды AllFight.ru.

Алты раундтық жекпе-жекте Ержан Залилов толық үстемдік етті. Төртінші раундта төреші айқасты тоқтатып, Грузия өкілі бұдан артық шыдай алмайтынын көрсетті. Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшының карьерасында бұл тоғызыншы жеңісі әрі төртінші нокауты болды.