Есен Өтеев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігінің директоры қызметінен кетті

Есен Өтеев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігінің директоры қызметінен кетті. Ол бұл қызметке биыл наурыз айында тағайындалған еді. Бұл туралы Қазақстан мұнай және газ кеңесінің телеграм-каналында жазылды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ instagram парақшасы

2019-2022 жылдары Есен Өтеев «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры болды.

Сондай-ақ осы жылдар ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «Өзенмұнайгаз» ӨФ-де түрлі басшылық қызметтерді атқарды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігінің бұрынғы атқарушы директоры Есен Өтеев «Ak Su KMG» ЖШС бас директорының кеңесшісі болып тағайындалды.