Қазақстанда паркингтерде электромобильді қуаттау станцияларын пайдалануға тыйым салынған. Алайда, Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығының жерасты тұрағында осындай станциялар жұмыс істеп тұр. Ал нысанды тексеруге ТЖМ мамандарының құқығы жоқ, деп хабарлайды Kazinform.
Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан салынған тыйымға қарамастан, Esentai Mall сауда орталығының паркингінде электр қуатымен жүретін көлігі бар алматылықтарға осындай сервис көрсетіледі. Ал, төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің бұл заң бұзушылықты тіркеуіне құқығы жоқ.
Айта кетсек, Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес республика аумағында 8 мыңға жуық электромобиль бар. 2 жылда (2022-2023 ж.ж.) Алматыда 2 көлік электрокөлік өртенген.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.