13:00, 28 Сәуір 2009
Есеп комитеті мен Қаржы нарығын қадағалау агенттігі дағдарысқа қарсы бөлінген қаражаттың пайдаланылуына бақылау жасайтын болады
АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Есеп комитеті мен Қаржы нарығын қадағалау агенттігі дағдарысқа қарсы бөлінген қаражаттың пайдаланылуына мониторинг жасау және бақылау мәселесінде ынтымақтаса жұмыс жасайтын болады.
Бұл туралы Есеп комитетінің таратқан баспасөз баянында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы Елена Бахмутова өзара іс-қимылдар туралы меморандумға қол қойды. Осы құжатқа сәйкес, аталған ведомстволар экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыруға бөлінген қаражаттың пайдаланылуына, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатын алушылардың, квазимемлекеттік субъектілер мен олардың агенттерінің, екінші деңгейлі банктердің, қаржы даму институттарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі тартатын басқа да агенттердің қызметіне бақылау мен қадағалау саласында ынтымақтаса жұмыс жасайтын болады», делінген баспасөз баянында. Бақылау қорытындысы бойынша Есеп комитеті және Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларын іске асыру шеңберінде бөлінген қаражаттың қозғалысы туралы алынған ақпаратпен алмасатын болады. Мемлекеттік қолдау қаражатын пайдаланылуына бірлескен бақылау іс-шараларын өткізуі жоспарлануда. Есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады, ол республикалық бюджеттің атқарылуына, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуына сыртқы бақылау жасап, бағалау жүргізеді.