Есеп комитеті мен «Нұр Отан» партиясы бюджет қаржысын бірлесіп бақылайтын болады

None
АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев пен «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аталған құжатқа сәйкес тараптар бюджет заңдарының бұзылуына қатысты ақпарат алмасып, бүгінгі ел экономикасын тұрақтандыруға бөлінген қаржыны игеру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-шараларды атқаратын болады. «Бүгінгі таңда Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында банктерге ел экономикасын тұрақтандыруға бағытталған қыруар қаржы бөлініп отыр. Осыған орай Есеп комитеті мен «Нұр Отан» партиясы арасында рәсімделген меморандум мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Елбасының бюджет саласындағы жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу және мемлекеттің қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру бойынша алға қойған мақсат-міндеттерді орындауға көмектеседі», - дейді О.Өксікбаев.