Есеп комитеті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті су шаруашылығы нысандарын салу және жаңғыртуға бөлінген бюджет қаржысын пайдалану барысында бірқатар байыпты бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол жіберген.
Комитеттің тапсырыс беруші қызметі ведомствоға қарасты ұйымға («Қазсушаруашылығы» РМК) берілуіне байланысты комитет су шаруашылығы нысандарын салу және күрделі жөндеу жұмыстарының орындалуы мен жұмыстарды қабылдауды бақылауды жүргізбеген.
Бюджеттен бөлінетін қаржы көлемінің жеткілікті болуына қарамастан 28 инвестициялық жобаның жүзеге асыру мерзімі кешеуілдеп, 6-дан 48 айға дейін созылып кеткен. Бұл жайт мердігердің келісімшарт міндеттемесін дер уақытында орындамауынан туындаған. Бірқатар бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге өкілетті органдарының рұқсатынсыз жүргізілген. Құрылыс жұмыстарының авторлық және техникалық қадағалаусыз, төлемдерді орындалмаған және сапасын орындалған жұмыстарға аудару фактілерді де анықталды.
2014 жылдың желтоқсан айында Алматы облысына қарасты Панфилов ауданында магистралды арнаға қосылған Қорғас өзеніндегі «Достық» біріккен су торабы» нысан пайдалануға берілген. Құны 1173,5 млн. теңгені құрайтын су электр стансасы сапасыз жобалануы салдарынан жұмыс істемей тұр.
«Комитет 2014-2015 жылдары «Қазсушаруашылығы» РМК-мен мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама нормаларын қолданбастан 7,6 млрд. теңге сомасына су шаруашылығы жүйесі нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарына келісімшарт жасасқан. «Қазсушаруашылығы» РМК субмердігер ұйымды, құрал-жабдықтар мен материалдарды жеткізушіні іріктеуді де конкурстан тыс жүргізген», - делінген хабарламада.