Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев, Қазақстанның мемлекеттілігінің негізі ретіндегі - Ата Заңның маңызын атап көрсетті және Конституция күнінің мәртебесін көтеру елдің дамуының міндет-мақсаттарына сәйкес келетінін айтты.
Одан кейін Есеп комитетінің жаңа қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлердің антын қабылдады.
О.Өксікбаев Есеп комитетінің қызметін жұртшылыққа таныстыруға белсенді атсалысушы журналистерге алғыс хаттар табыс етті.