Есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтерді пайдалану мөлшерін есептейтін Үлгілік ережелер бекітілді

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР  Үкіметінің Қаулысымен есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша коммуналдық қызметтерді пайдалану мөлшерін есептейтін Үлгілік ережелер бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

Астана, Үкімет Үйі

2012 жылдың 25 қаңтарынан

№161

 Есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша коммуналдық қызметтерді пайдалану мөлшерін есептейтін Үлгілік ережелерді бекіту туралы

2004 жылдың 9 шілдесіндегі «Электр энергиясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабының 38-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша коммуналдық қызметтерді пайдалану мөлшерін есептейтін ұсынылған Үлгілік ережелер бекітілсін.

2. Қаулы ресми жарияланған бірінші күннен бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді.

                                                                            Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов