Есей Жеңісұлы жаңа қазақстандық спорт телеарнасының басшысы болуы мүмкін

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылдың ортасында Қазақстанда жаңа спорттық телевизиялық арнаны іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды Vesti.kz. сайтынан.

Ол «Қазақстан» ТРК-нің базасында құрылып, тек қана республикалық емес, халықаралық жарыстардан да хабардар етеді.

Бүгін бұл құрылымды танымал отандық комментатор, ақын және журналист Есей Жеңісұлы басқаруы мүмкін екені белгілі болды. Дереккөздің ақпаратынша, ол өз міндеттерінін атқаруға кірісіп кетіпті.

Жаңа спорттық жобаны 2013 жылдың шілде айынан қыркүйекке дейін іске қосу жоспарланып отырғаны белгілі болды.