Еш жеңілмеген Айдос Ербосынұлы үш титулын сәтті қорғады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аустралияның Сидней қаласындағы ICC Exhibition Centre аренасында өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық талантты боксшы Айдос Ербосынұлы кезекті рет рингке шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

27 жастағы Айдос жергілікті Рокки Йеркичпенайқасты. Екінші орта салмақта он раунд өткен жекпе-жекте төрешілер 99-91,98-92, 98-92 есебімен жеңісті Айдосқа берді. Сөйтіп, қазақстандық кәсіпқой WBOGlobal, WBA Inter-National және WBC Asia Continental титулдарын қорғап қалды.

Айдос осымен 12-рет жеңіске жетті (соныңсегізі - нокаут). Ал 17 жеңісі (13 нокауты) бар 31 жастағы Йеркич екінші ретжеңілді.

Осы бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшыөнер көрсетті. Жартылай орта салмақта Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) татөрешілердің шешімімен аустралиялық Стива Гагоны (11-1, 4 КО) жеңіп, WBAInter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific титулдарын қорғады.

Соңғы жаңалықтар