Еш жері бүлінбеген XIV ғасырдағы қылыш табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшалық құрылысшылар XIV ғасырдағы қылышты кездейсоқ тауып алды. Іргетас қалау жұмыстарына дайындық кезінде экскаватор машинисі топырақпен бірге ежелгі қаруды алып шыққан.

Қарудың ерекше сақталғаны байқалады: жүзі мен сабы мүлдем зақымданбаған. Салмағы жеңіл, небәрі 1,5 келі. Қылыштың ұзындығы 120 см., деп хабарлады Popular Mechanics.

Жәдігерді зерделеген археологтар қылыш жоғалған деген тұжырым жасады. Құрылыс орнында бір кездері ми батпақ болған. Айбынды рыцарь қылышын түсіріп алған немесе балшықтан тезірек өту үшін әдейі тастаған да болуы ықтимал.