Ешқашан боттармен жұмыс істеген емеспін - Асхат Оралов

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов боттармен жұмыс істемейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен ешқашан боттармен жұмыс істеген емеспін. Иә, біз әлеуметтік желілерді белсенді жүргіземіз. Жеке әлеуметтік парақшаларымды өзім жүргіземін. Әрдайым ашық әңгімеге дайынмын. Тағы қайталаймын мен боттармен жұмыс істемеймін», - деді Асхат Оралов Үкімет үйінде БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.

Сондай-ақ, жаңа министр өзінің тағайындалуына қатысты сыни пікірлер туралы да айтты.

«Біз шын ниетпен жұмыс істеп жатырмыз. Халық арасында қолдап немесе сын айтып жатқандар да бар. Егер сын объективті түрде болса, өзекті мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылса, мәселені бірлесіп шешуге тырысамыз», - дейді ол.

Еске салайық, 4 қаңтарда Асхат Оралов ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.