Ешқашан жеңілмеген қазақстандық қос боксшы Канадада айқас алдындағы салмақ өлшеуден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қанададағы Шавиниган қаласында (Квебек провинциясы) қазақстандық өкілдер де қатысатын бокс кеші алдындағы салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп жазады Sports.kz.

Супер орта салмақтағы Нұрзат Сабиров (6-0, 5 КО) өзінің мексикалық қарсыласы 40 жастағы  Гильермо Ромеромен (12-6, 9 КО) бетпе-бет кездесті. Олардың жекпе-жегі сегіз раундқа есептелген.

Ал бірінші орта салмақ дәрежесіндегі Садриддин Ахмедов (2-0, 2 КО) өзге мексикалық, 38 жастағы Густаво Гарибаймен айқасады. Бұл 6 раундқа созылады.

Бокс кеші 16 маусымда (Қазақстан үшін 17 маусымның таңы)  Centre Gervais Auto алаңында өтеді.