Бұл туралы сафари-бағының сайтында хабарланды.
«Бүгін қар жауып тұрғанда қызықты оқиға болды. Амур жауын-шашыннан қорғап тұратын жерге жатпақ болғанда, ешкі бірден жүгіріп келді. Жолбарыс өз орнын Тимурға беріп, кейін ығысты», - делінген хабарламада.
Әдетте, жануарлар бірге жүреді, бұл ретте Тимур Амурды күтіп тұрады.
Еске сала кетсек, Амур жолбарысы ешкімен қараша айында достасты. Бастапқыда ешкі жыртқыштың торына азық ретінде түскен болатын. Бірақ Тимурдың батыл әрекеттерінен жолбарыс сескеніп, оған тіпті жататын орнын да босатты. Сол кезден бері жануарлар бірге жүреді. Хайуанаттар бағының қызметкерлері оларды ажыратпайтындарын айтты.