Төрешілер Лас-Вегастағы Грант Гарден Аренада өткен 12 раундтық жекпе-жектің қорытындылары бойынша жеңісті бірауыздан Мэйуэзерге берді.
Осылайша ол тағы бір даңқты ауыр салмақтағы америкалық боксшы Рокки Марчианоның рекордын қайталай алды - олардың екеуі де бірде-бір ұтылыссыз 49 рет жеңіске жеткен.
Бұған дейін Бертоға қарсы жекпе-жегі оның мансабындағы соңғы кездесу болатынын айтқан 38 жастағы Мэйуэзер ол аяқталған соң шаршы алаңнан біржола кеткісі келетінін растады.