НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең таңертең Американың Аризона штатындағы Тусон қаласында боксшылар шоуы өтеді. Оған еш жеңіліп көрмеген қазақстандық Мадияр Ашкеев (11-0, 6 КО) қатысады, деп хабарлайды Sports.kz.
Оның қарсыласы америкалық боксшы Сесил Маккалла (21-3, 8 КО). Боксшылар бірінші орта салмақта Junior NABF чемпион титулына таласады. Жекпе-жек 10 раундтқа есептелген.
Айқас алдында салмақ өлшеу рәсімі болды. Оның қорытындысы бойынша Ашкеевтің салмағы 153,8 фунт, ал қарсыласының салмағы 153,2 фунтты көрсетті. Салмақ өлшеуге осы шараның промоутері кіші Рой Джонстың компаниясы да қатысты.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.