Еске сала кетсек, бұған дейін Владимир Беккер тұрғын үй секторларында жүргізіліп жатқан өрттің алдын алу жұмыстары туралы айтып берген болатын. Оның келтірген мәліметіне сәйкес, осыған дейін 31 мың отбасы үйдегі пешті тексертуден бас тартқан.
«Жоғарыда атап өткенімдей, 31 мыңдай отбасы үйдегі пешті тексертуден бас тартқан болатын. Атап айтқанда, Шымкентте 4 522 отбасы, Алматы облысында 9 874 отбасы, ШҚО-да 3 400 отбасы, Жамбыл облысында 2 073 отбасы, Қарағанды облысында 4 041 отбасы қызметкерлерімізді үйіне кіргізбеген. Мен өңірлердегі департамент бастықтарының бәрімен сөйлестім. Шынтуайтына келгенде, азаматтардың үйді тексертуден бас тарту себебін өзім де білгім келеді. Менің ойымша, қандай себептер айтылады. Иелері үйінде болып шығады. Болмаса иесі белгілі бір нысанын біреуге жалға беруі мүмкін... Бұл үрдістің бәрі де заңды түрде жүргізіле бермейді», - дейді Владимир Беккер.
Комитет төрағасының айтуына қарағанда, кәсіпкерлікпен айналысқысы келген азамат тіркеліп, патент алып, заңды жұмыс жүргізуі керек.
«Мен департамент бастықтарына үйді тексертпеу себептерін анықтау жұмысын тереңірек жүргізуді тапсырдым. Әлбетте, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция қызметкерлері бізге бұл ретте көмектесіп жатыр. Өзіңіз білетіндей, тұрғын үй - жеке мүлік. Сондықтан, жағдайды ушықтырғымыз келмейді. Ешкімнің есігін бұзып кіріп, тексере алмаймыз. Сол себепті, ең алдымен, үйлерді тексермек болғанымызды және олардың бас тартқанын тіркеп жатырмыз», - дейді Владимир Беккер.
17:17, 18 Ақпан 2019
Ешкімнің есігін бұзып кіре алмаймыз - ТЖК төрағасы үйдегі пешті тексеру жайлы
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер жеке сектордағы тұрғын үйлердің пештерін тексеру барысында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қандай қиындыққа кездесетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.