Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелдік көздерден қаражат алып келген қазақстандықтардың тізіміне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл жерде ешкім олардың (тізімге енген азаматтар – автор түсіндірмесі) қолынан ұстап алған жоқ. Есеп беру керек екенін білесіздер. Егер қандай да бір компания немесе тұлға шетелдік көздерден қаржы алып, есеп ұсынбаған болса бізге айтыңыздар», - деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев.
Ол атап өткендей, бұл тізімді жасау заң талабы. Сондықтан Қаржы министрінің сөзінше, аталған тізімді қалыптастыру ешбір адамның немесе кәсіпорынның заңды құқығына қайшы емес.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.