25 қазан – Республика күні әншіге «Құрмет» ордені берілген еді.
Ел арасында қай еңбегі үшін алынғаны қызу талқыланып, әзіл-шыны аралас жарияланымдар көбейді.
«Соңғы оқиғалар осылай қызу талқыланады деп күтпедім. Бірақ ештеңені байқамағандай, ештеңеге мән бермегендей жүре алмаймын. Осы видео арқылы телеарналар мен радиостанциялардан, қоғамдық ұйымдардан, жеке жобалардан алған 32 жыл өмірімдегі бүкіл музыкалық марапаттарымнан бас тартатынымды айтқым келеді. Мұны баяғыдан жасағым кеп жүр еді, себебі кішкентай ұлыма бөлме керек, ал ауыр темір марапаттар кедергі келтіреді. Енді осыны жасаудың сәті түсті», - деді Әли Оқапов Instagram желісінде жариялаған бейнежазбасында.
Әнші мемлекеттік награданы қайтару бойынша бір де бір норма жоқтығын айтты.
«Мемлекеттік марапатта рәміздеріміз бейнеленген. Ол үшін заңды оқып шықтым және қайтару туралы норманы таппадым. Бұл наградалар енді құзіретті органның шешімін күтеді. Қандай шешім шықса, соны жасаймын. Қажетті нәрсенің бәрін істеуге тырысамын (...) Мен ешкімнен марапат сұраған жоқпын, соңына дейін ештеңеден хабарсыз болдық. Не болса да жауапкершілікті өз мойныма аламын және дүрбелең туындағаны үшін кешірім сұраймын», - деді әнші.
Әли Оқапов әртіс үшін халықтың ықыласынан асқан марапат жоқ екенін жеткізді.