Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, жергілікті уақытпен 22:00-де шабуыл жасалған. 5-6 қарулы адам Коацакоалькос қаласының орталығындағы барға кіріп, адамдарға ата бастаған.
Кейін қаскүнемдер ғимаратқа ішінде жанатын сұйықтығы бар бөтелкелерді лақтырған. Одан кейін барлық эвакуациялық есіктерді жауып, ішінде адамдарды қалдырып кеткен.
16 ер және 9 әйел адам ажал құшты. Қыздар ойын-сауық мекемесінде биші болған.
Веракрус штатының губернаторы Кутлауак Гарсияның мәліметінше, бардың иесін сенбі күні ұрлап кетіп, басын шауып тастаған.
Губернатор қылмыстық банданың аталмыш мекемеде есірткі сатпақшы болғанын хабарлады.
Осы жылдың сәуірінде көрші Минатитлан қаласында дәмханаға жасалған осындай шабуылдан 13 адам қаза тапқан еді.