Бөлімше бірінші қабатта орналасқан, қасында - шұғыл қабылдау бөлімшесі, КТ, МРТ және тағы басқа заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған диагностикалық бөлімшелер бар. Осы бөлімшеде операциялық, таңу, гипстейтін бөлмелер жұмыс істейді. Бөлімшенің дәрігерлер құрамын тәжірибелі травматолог және ортопед дәрігерлері құрайды.
10:56, 06 Желтоқсан 2013
Есіл ауданының тұрғындары үшін жаңа травматологиялық пункт ашылды
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - №1 қалалық ауруханада Есіл ауданының тұрғындарына ғана қызмет көрсететін жаңа травматологиялық пункт ашылды. Бұл туралы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап astana.kz хабарлады.