Коммунальдық кәсіпорынның мәліметінше, Б. Момышұлы даңғылы мен Төлебаев көшесінің қиылысында Д=1000мм жаңа магистралды су құбырын орнатуға; . Б. Момышұлы - Сәтпаев көшелерінің қиылысындағы қысымды реттеуішті демонтаждауға; Б. Момышұлы даңғылы ауданында шығын өлшегішті ауыстыруға байланысты 21 мамыр сағат 22:00-ден бастап 22 мамыр сағат 09:00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылады.
Келесі мекенжайдағы тұтынушыларға су беру тоқтатылады: Тұрғын үйлер:
Мәңгілік ел даңғылы, Nova city маңы, Заречный тұрғын үй алабы, Тельман тұрғын үй алабы, Пригородный тұрғын үй алабы, BI Village/ Family Village тұрғын үй кешені, Қабанбай батыр даңғылы,
Алматы ауданы бойынша:
Мыңжылдық аллеясы, Оңтүстік-Шығыс т.а оң жағы, Қалдаяқов-Тәуелсіздік-Панфилов-Аманжолов көшелерінің алаңы.
22 мамырда сағат 10: 00-ден 17: 00-ге дейін сумен жабдықтау желілерін іске қосу жұмыстарына байланысты жоғарыда аталған аудандарда қысым төмендейді.