Есіл өзенінде шомылып жүрген жас жігіт суға кетті, екі жасөспірім құтқарылды - Астана

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - Астана қаласы Пригородный  кентінде сағат 20.32-де Есіл өзеніне суға түсу кезінде 18 жасар жігіт батып кетті,

14 жастардағы 2 жасөспірім құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады
 
Жасөспірімдерді  оларды  көргендер судан  шығарып алды.