«Есіл өзенінің сағасын кеңейту жұмыстары атқарылуы тиіс. Ол жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көктем бітіп, жаз келгенде де ол жұмыс тоқтамайды. Су тасқынына дейін өзен сағасы 100 метрге дейін кеңейтілді», - деді Бауыржан Сыздықов елорда әкімдігінің баспасөз орталығындағы онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша қазір Есіл өзенінде судың арнасынан асатындай қауіп жоқ.
«Себебі бізге гидрологиялық болжам әр апта сайын беріледі. Мәселен 4 сәуірдегі болжамға қарайтын болсақ, Астана су қоймасына 160 млн және 240 млн текше метр арасында судың келетіні болжанған. Ал 6 сәуірден бастап бүгінге дейін 83 млн текше метр су келді. Астана су қоймасының жобалық сыйымдылығы 410 млн текше метр болса, қазір қойма 309 млн текше метрге толып тұр. Демек онда әлі де су қабылдау қауқары баршылық. Яғни судың келген көлемін қабылдап, өзендегі су деңгейінің көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндігіміз бар», - деді ол.