Есіл өзенінде жағажай маусымы ашылады
«Жағажайда бес құтқарушы мен бір көлік жұмыс істейді, ол шомылушылардың қауіпсіздігін бақылайтын болады. Қалалық жағажайға шатырлар, қоғамдық дәретхана және тазартылған құмдар, сондай-ақ терең орындарға белгілер мен қоршаулар орнатылған», - деді ол.
Орталық саябақта орналасқан жағажайға кіру ақысы биыл өзгеріссіз қалды: билет құны ересектерге - 500 теңге, балалар үшін - 200 теңге, ал мүгедектер, зейнеткерлер мен жеті жасқа дейінгі балалар үшін тегін.
«Сонымен қатар, биыл саябақта отбасылық жағажай клубы ашылды. «Кешенде үш жүзу бассейні бар. Біріншісі - ең кіші, оның тереңдігі - 20 см. Екінші бассейннің тереңдігі - 1,5 м, ал ересектерге арналған үшінші бассейннің тереңдігі - 2,5 м. Ересектер үшін билеттің бағасы - 5 000 тг, балалар үшін - 3 000 тг, үш жасқа дейінгі балалар тегін», - деді Ирина Масленко.
Айта кетерейік, «Қазгидрометтің» мәліметі бойынга, бейсенбі Астанада ауа- райы күндіз +28 градус, кешке +17 градус шамасында болады.