Есіл өзеніндегі катерге адамдарды отырғызу барысында екі жасар сәби суға кетті
10:14, 07 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Қала күні мерекесінде Есіл өзеніндегі «Есіл-Астана» катеріне адамдарды отырғызу барысында суға құлап кеткен екі жасар сәби мерт болды,
деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қайғылы оқиға күндіз сағат 13:45-те орын алған. Сәбидің денесін жарты сағаттан кейін ҚР ТЖМ суда құтқару қызметінің мамандары алып шықты.