Есіл өзеніне тұқы шабақтың 300 мың данасы жіберіледі
15:25, 07 Қазан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында 8 қазанда Есіл өзенінің қайық станциясы аумағында өзенге тұқы шабақ жіберіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы .
8 қазанда ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бастамасымен Есіл өзеніне тұқы шабақтың 300 мың данасы жіберіледі, деп жазылған таратылған хабарламада.