«Су тасқынының бірінші толқыны бәсеңдеп, екінші толқынның келуіне байланысты Есіл өзенінің Петропавл қаласындағы гидрологиялық бекетінде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Су мөлшері қауіпті деңгей - 1050 см дейін жетеді деп күтілуде» делінген хабарламада.
Көрсеткіш 1050 см-ге жеткенде өзен суы «Петропавл тәлімбағы» РМКК бұрылысындағы автокөлік жолы және Мичурино, Прибрежное ауылдарындағы автожолдар арқылы ағады.