«Қазгидрометтің» астаналық мамандары балықтардың жаппай су бетіне шығуын анықтау үшін Есіл өзенінің үш жерінен сынама алған болатын. Бірінші күннің талдау нәтижелерінде нормадан ауытқулар табылмады. Судың сапасына талдау 42 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізілуде.
Кейін, оттегіні химиялық тұтыну 37,1-47,2 мг/дм3 мөлшерінде екені анықталды. Бұл - шекті нормадан 1,1-1,3 есеге көп. Мұндай жағдай суға сынама алынған барлық нүктеде байқалған.
«Ақпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жіберілді», - делінген «Қазгидромет» ақпаратында.
Енді, 31 мамырда 5 тәулік ішінде дайын болатын «оттегіні биохимиялық тұтыну (5)» сынамасының нәтижесі жарияланатын болады.