Есілде қайықпен жүзу маусымы аяқталды
10:02, 19 Қазан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Есіл өзенімен навигация маусымы аяқталды. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.
«Есіл-Астана» ҚКҚК ақпараты бойынша, жазғы маусымда кәсіпорын 20 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл ретте 5 жолаушы теплоходы қатынады.
Бұдан бөлек, жалпы сомасы 2 млн 977 мың теңгеге теплоходтар жалға берілді.
Өзенмен серуендеу маусымын 2017 жылғы мамырдың ортасында бастау жоспарланып отыр.