Бүгінде Лондонда тұрып жатқан Бисенғалиева биылғы жылы Үндістан, Ұлыбритания елдерінің ең беделді залдарында өнер көрсетіп үлгерді.
Астанадағы кеш Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері маэстро Абзал Мұхитдиновтің жетекшілік етуіндегі «Астана Опера» Камералық оркестрінің қатысуымен өтеді.
Ғалия Бейсенғалиева кеш бағдарламасын биыл туғанына 60 жыл болатын әкесі (оның 1989 жылы қайтыс болғанын еске саламыз) - көрнекті скрипкашы, Қазақстанның симфониялық оркестрінің концертмейстері, профессор Сағадат Бейсенғалиевке арнап отыр. Концерт бағдарламасына енген В.А. Моцарттың шоқтығы биік туындыларының бірі - Скрипкалық концерт оның сүйікті шығармасы болған.
«Маған өз Отанымда өнер көрсеткен қымбат, бұл менің туған топырағым. Әсіресе мен оны өмірі қайнап жатқан және ғаламшардың тыныс-тіршілігі сезілетін жас әрі қарқынды дамып келе жатқан Астанада жақсы сезінемін. Бұл менің тамаша ұжыммен төртінші рет өнер көрсетуім, әрбір кездесу ерекше естеліктер қалдырады. Маэстро Абзал Мұхитдиновпен бірге жұмыс жасағанды өте жақсы көремін, ол шабыт беретін, нәзік және терең ойлы музыкант. Оның кәсіби дарыны мен шеберлігі әртістерге сенімділік пен еркіндік береді. Сонымен қатар мені «Астана Опера» театрының көрерменге толы залдары қуантады, көпшілік қауым арасында менің құрдастарым көбірек байқалады», - деп атап өтті Ғалия Бейсенғалиева.
«Астана Опера» театрындағы концерттен кейін скрипкашыны Нью-Йорктің пен Лос-Анджелестің көрермендері күтеді. Одан кейін Әбу-Дәбиде Заманауи лондондық оркестрдің сүйемелдеуімен оның жеке шығармаларының тұсауы кесілетіні күтілуде.