Есімі әлемге танымал саяхатшы Маричалар Гаванадан АҚШ-қа гидроциклмен сапарға аттанды

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Танымал испандық саяхатшы Альваро де Маричалар Куба астанасынан Майямиге тақау жердегі Американың Ки-Уэст аралығына гидроциклмен аттанды.

Бұл туралы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған Ресейдің «Жаңалықтар» ақпарат агенттігі хабарлады.

Журналистердің деректеріне қарағанда, 51 жастағы спортшы осыдан 500 жыл бұрын конкистадор Хуан Понсе де Леон Пуэрто-Рикодан қазіргі Флорида мен Гаванаға сапар шегіп, испан тағы үшін жаңа жерлер ашқан бағдарын аяқтамақ. 20 күннің ішінде Маричалар Numancia су мотоциклімен шамамен екі мың теңіз милі жолын жүріп өтпек.

Саяхатшы сапар қорытындысы бойынша National Geographic телеарнасы үшін деректі фильм әзірлеуді жоспарлап отыр.