Есірткі баронының үйі 10 млн долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбиялық есірткі бароны және Медельин картелінің басшысы Павло Эскобардың Майамидегі үйі 10 миллион долларға сатылды, деп хабарлады La Segunda басылымы.

Өткен ғасырдың 80-ш жылдары ол АҚШ-тағы көп ізделіп жатқан және әлемнің ең бай адамы деп саналды. Эскобар кокаинды АҚШ-қа тонналап сатты, құқық қорғау органдары оны ұзақ уақыт бойы аңдыды. Есірткі саудагері 1993 жылы колумбия полицияның элиталық бөлімшесінің арнайы операциясы кезінде өлтірілді. Ол мерт болғаннан кейін Медельин картелі де өмір сүруін тоқтатты.

Оның көлемі 700 шаршы метр үйі мен жер учаскесін Майамиде мейрамханалар желісі бар кәсіпкер сатып алды. Жаңа қожайын үйді құлатып, оның орнына басқасын салмақшы.

Эскобардың иелігін 80-ші жылдары АҚШ өкімет орындары тәркілеген болатын. Ол кезде есірткі баронының Құрама Штаттарда құны миллион долпар тұратын бірнеше үйі болды.