Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің бұрынғы төрағасы А.Исағалиев Қазақстанға жеткізілді

АСТАНА. Шілденің 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Асқар Исағалиев ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы қызметкерлерінің күшімен елімізге жеткізіліп,

Астана қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы халықаралық ынтымақтастық департаментінің баспасөз баяндамасында айтылған.

Жазаны ауырлататын мән-жайлар жағдайында қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін іздеуде жүрген А. Исағалив осы жылдың қаңтардың 9-да Түркияның Анталья қаласында ұсталған болатын. Бас прокуратура Түркияның құқық қорғау органдары тарапынан Исағалиевті Қазақстанға экстрадициялау туралы өтініш жолдаған еді.

Осы өтінішті қарау нәтижесінде Түркияның Министрлер кеңесі оны Қазақстанға беру туралы шешім қабылдаған.