Есірткі «сәлемдемесі» алушыға жетпеді

None
АҚТӨБЕ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Ақтөбелік полицейлер Ембі қаласындағы қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатқан өзінің ағасына есірткі «сәлемдемесін» жолдауға әрекет еткен қаланың 30 жасар тұрғынын ұстады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша оны департаменттің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шұғыл ақпарат алған бойда «Қазпоштаның» үйінде ұстаған.Осы факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлімінің 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.