Есірткі сатушыдан 12 келіден астам героин тәркіленді

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті және Алматы қаласы Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қалаға келетін есірткі арнасын жойды,

деп хабарлайды ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті.

 «1 ақпан күні Алматы қаласында өзінің пәтерінен бұрындары сотқа тартылмаған 32 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тінту кезінде жуынатын бөлмеде тұрған қара сөмкенің ішінен 12 келі 81 грамм героин есірткісі табылды», - делінген хабарламада.

 Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есірткі затының қайдан әкелінгендігі және оның жеткізілетін арнасын анықтау бойынша кешенді түрде жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.