«Есірткі заттарының заңсыз айналымымен және оларды сатумен айналысқан қылмыстық топты жою бойынша арнайы операция кезінде ұсталған айыпталушы 16 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеу туралы үкім шығарылды.
Қаржылық мониторинг агенттігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қазақстан аумағында есірткі жеткізуші және таратушы топтың әрекетіне тосқауыл қою мақсатында арнайы операция жүргізген болатын.
Олар үй жануарларына арналған азық-түлікке оралған халықаралық сәлемдемені алу кезінде ұсталды. Тәркіленген есірткі – жалпы салмағы 7 келіден астам марихуана мен мефедрон. Сот шешімімен тәркіленген есірткі заттары жойылды», - делінген ресми хабарламада.