Есірткі тасымалдады деген күдікпен Малайзияда ұсталған Қазақстан азаматы босатылды - ҚР СІМ

АСТАНА.  4 маусым. ҚазАқпарат -  Малайзиядағы Рустам Камалов қамаудан босатылды.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар-ақпан айларында хабарланғандай, Куала-Лумпур қаласының әуежайында Малайзия аумағында есірткі тасымалдады деген күдікпен Қазақстан азаматы Р. Камалов ұсталған болатын. Еліміздің аталған азаматына қатысты іс Малайзияның Бас прокуратурасының тергеуінде болды.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, Р. Камаловтың ісі бойынша  Қазақстанның Малайзиядағы дипломаттары бұл елдің құзіретті мекемелерімен тиісті келіссөздер жүргізді.

«31 мамырда сот отырысы өтіп, Р. Камаловты қамаудан босату туралы шешім шағыралды», - деп атап өтті ресми өкіл. Қазіргі кезде аталған азаматпен оның ата-анасын елге қайтару үшін қажетті шаралар атқарылып жатқан көрінеді.